ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орнына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлама (Құжаттар 2014 жылдың 16-27 маусым аралығында қабылданады)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-R-4 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығы сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 10.01.2008 ж. № 5084 тіркелген.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің  лауазымдық жалақысы
(теңге)
Санаты  Қызмет өткерген жылдарына байланысты
лауазымдық еңбекақысы
бастап дейін
Е-R-4 56 375 76 235

   «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ (101406,  Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары, 12 үй,  анықтама телефон: 8(7213) 92-25-24, факс: 8(7213) 92-25-24; электрондық пошта: tmr_okr@krg.gov.kz) әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға конкурс жариялайды.
      1.«Теміртау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ  бас маманы ( 1 бірлік, № 1-3, Е-R-4 санаты  2017 жылдың 6 наурызына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған демалыс мерзіміне). 
Функционалдық міндеттері: Құрылысы  аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссияларын дайындайды. Жеке тұрғын үйлердің құрылысы өзгерген жағдайда нысанды пайдалануға қабылдау бойынша құжаттарды ресімдейді. Пайдалануға қабылданған тұрғын үй нысандары, әлеуметтік мәдениет тұрмыс нысандары және өнеркәсіп нысандарына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізеді.
       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
     Білімі – сәулет мамандығы бойынша немесе құрылыс мамандықтары бойынша техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарын,  Қазақстан Республикасының Жер кодексін,  «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын  білуі.

       Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.  Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Теміртау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8(7212) 42-13-23.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
 


 


Жаңартылған: 01.02.2017 15:42
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 384.39
  • Euro 431.71
  • Рубль 6.11
Теміртау29°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 25%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ