ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия

Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия
Мемлекет Басшысы 1995 жылы елдегі күрделі өтпелі кезеңге қарамастан отбасы институтын, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Президенті жанынан отбасы проблемалары, әйелдер және демографиялық саясат жөніндегі кеңес құрды. 1998 жылы кең құқықтар мен өкілеттіктер беріле отырып, ол Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері, отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің2006 жылғы 1 ақпандаға N 56 «Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік – кеңесші орган ретінде Әйелдер істері, гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
Осындай Комиссия Теміртау қаласы әкімі жанынан да құрылды.
Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы аясында өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатыста басымдықтарды айқындау, кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау;
2) отбасы, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық қолдаудың кешенді жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу;
3) халықтың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығын сақтау мен бекемдеу, өмір сүру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге кешенді талдау жасау;
4) қаладағы әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған ведомствоаралық әлеуметтік – медициналық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
5) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың ұсыныстарын қорау және ұсыныстарды Теміртау қаласы әкіміне дайындау;
6) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ескере отырып отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
7) Қазақстандағы отбасы, әйелдер мен балалар жағдайының аспектілерін толық көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат кұралдарымен әрекеттесе жұмыс істеу;
8) отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
9) отбасы, әйелдер мен балалар мәселелеріне қатысты халықаралық деңгейде өтетін конференция, жиналыс, семинарларға қатысу, халықаралық ұйымдармен әрекеттесе жұмыс істеуның.
Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы – Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымова, тел. 8-7213-92-23-98
Комиссия төрағасының орынбасары – Теміртау қаласы ІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Светлана Николаевна Гаркуша, 8-7213-98-43-15.
Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

Теміртау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы №12/11 «Әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі қалалық комиссияның   кейбір мәселелері туралы» қаулысы
оқу

Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жоніндегі қалалық комиссияның 2012 жылғы жұмыс жоспары
оқу

«Погонды арулар» Теміртау қаласының 55524 әскери бөлімінде қызмет етеді
оқу


Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 340.11
  • Euro 407.93
  • Рубль 5.91
Теміртау6°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 28%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ