ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Келіні жақсының керегесі алтын

Осы сөздің төркінінде те¬рең мән жатыр. Өйткені, ша¬ңы¬рақтың беріктігі, отба¬сын¬дағы ынтымақ, бардың баға¬сын білу, ұлағатты ұрпақ тәр¬бие¬леу, бәрі-бәрі келіндердің бо¬йындағы жақсы қасиет¬тер¬мен астасып жататыны анық. Демек, әдепті келін ауылдың көркі, ағайын-туыстың ұйытқысы.
21 қазан күні Қарағанды қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналып, аймағымызда тұңғыш рет  облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер басқармасы,  «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы мен «Нұрәсем» сән үйі бірлесіп  «Қазақтың келіндері-ай» атты келіндер  байқауын өткізді. Оған аймағымыздың әр өңірінен он сау¬сағынан өнері тамған, халқы¬мыз¬дың бай дәстүрі мен сал-тын сақтай білген келіндер  қатыстырылды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әзиз аналардың сынынан байқауға қатысушы келіндер өзін-өзі таныстырудан бас¬тап, қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерін, ұлттық киім, мақал-мәтел жарысы, қазақтың бай дас¬тарқаны мен қолөнер тә¬різді құндылықтарын дәріптеді. Аталмыш сында  аудан келіндерінің  намысын аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Ақтоғай ауданың №1 бөлімінің құжаттарды қабылдау бөлімінің маманы, Жұмабай әулетінің келіні Мухаметбекова Алтынай Нұрланқызы абыроймен қорғап, байқаудың «Келісті келін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.  Алтынайдың бұл марапатын келінді әулеттің ырысы, құт-берекесі ғана емес,  ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген Ақтоғай жұртына көрсетілген лайықты құрмет деп білеміз.


Манаргүл МҮТӘЛІП
 


 




Жаңартылған: 21.11.2016 17:14
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 405.69
  • Euro 455.51
  • Рубль 5.72
Теміртау23°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 711мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 47%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ