ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағанды облысында қылмыстар көлемі азайды

Қарағанды облысында қылмыс саны азайғаны байқалады. Ол жайлы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында облыстық ІІД ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Рахымбеков мәлімдеді.


Полицияның мәлімдеуінше 2017-ші жылы қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны
15,1%-ға азайған, оның ішінде көшелерде – 5,1%-ға.
13,6%-ға ауыр қылмыс түрлері, орташа ауыр қылмыстар - 13,2 % және жеңіл қылмыстар 15%-ға азайды.
Тіркелген ұрлықтардың жалпы саны да төмендегені байқалады.

Көшедегі қылмыстың алдын алуда жұмыс істеп тұрған бейне бақылау жүйесі жақсы көмектеседі. Қарағандыда қазіргі таңда 328 көше бойындағы бейнекамералар орнатылған.

- Жалпы, Қарағанды ІІБ ЖБО пультіне 3454 бейне бақылау камераларынан қозғалыс сигналдары келіп түседі. Жергілікті билік органдарымен өзара қарым-қатынас шеңберінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде «Ақылды қала» жобасы бойынша бейне бақылау камераларын орнату енгізіліп жатыр, - деді Нұрлан Рахымбеков.


Мұнымен қатар Қарағанды облысы аумағында «Бұлтты бейнебақылау» жобасы жүзеге асырыла бастады. Оның аясында тұрғын үйлердің кіреберістеріне камералар орнатылады. Дәлірек айтар болсақ, Қазыбек би атындағы ауданда 140 кіреберістерде 280-нен астам камералар орнатылған. Осы айдың соңына дейін Қарағанды қаласының тағы 255 кіреберістерінде камералар орнатылатын болады.

Облыс жолдарында да өткен жылы жол-көлік апаттары 8,4%-ға азайған.

- Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс 24,3%-ға қысқарды. 2017-ші жылдың қорытындысы бойынша кәнігі қылмыс 34,1%-ға төмендеген, - деді баяндамашы.

Отырыс қорытындысын жасай келе, аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстың ІІД және облыстық жергілікті полиция қызметінің басшыларына аудандарға жиі барып, ол жерлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуды үдетуді тапсырды.

- Облыстың аудандарына барыңыздар, ол жерлерде қандай тапшылық барын анықтаңыздар, жергілікті полиция қызметі онда қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын тексеріңіздер. Барлығын тәртіпке келтіріңіздер. Мен де аудандарға өзім барамын, бірнеше аудандарда полиция қызметімен танысамын, учаскелік полицейлермен жиналыс өткіземін, - деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі сонымен қатар үлкен және кішігірім ауылдар мен кенттердегі қылмыстар туралы салыстырмалы сараптама жасап, мониторинг өткізуді тапсырды. Баяндама ведомствоаралық комиссияның алдағы уақытта болатын отырыстарында ұсынылуы тиіс.

 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 326.17
  • Euro 401.25
  • Рубль 5.31
Теміртау16°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 711мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 66%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ