ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағанды облысында егін егу науқаны басталды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аймағымыздың басты астық қоры болып табылатын Осакаров және Нұра аудандарында болып қайтты. Облыс басшысы көктемнің салқын болуына байланысты әдеттегіден кешірек басталған егін егу кампаниясының барысымен танысты.
- Жалпы алғанда ауа райы жағдайы көктемгі егіс жұмыстары уақтылы бастауға мүмкіндік бермеді. Бірақ ол жоспарға еш әсерін тигізбейді – егін егу агротехникалық мерзімге сай жүрізіледі, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. – Биылғы жылы жазғы егіс 910 мың гектар аумаққа жүргізілед деп жоспарланып отыр, ол өткен жылмен салыстырғанда 57 мың гектарға көбірек. Дәнді және бұршақ дәнділерді 824 мың га жерге егілетін болады.
Облыста жүйелі түрде егісті әртараптандыру жүргізіліп жатыр. Бидай алқаптары кішірейтілуде – биылғы жылы бұл дақыл 616 мың гектарға егіледі. Арпа, сұлы, майлы дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптердің егісі ұлғайтылуда.
Ерлан Қошанов ірі ауылшаруашылықтар мен фермерлердің алқаптарында болып, шару қожалықтарының иелерімен әңгімелесіп қайтты. Облыс әкімін ЖЖМ-мен қамтамасыз ету мәселесі қызықтырды. Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер биылғы жылы жанар-жағармаймен қамтамасыз ету саласында ешқандай келеңсіздер жоқ деп сендірді.
Егін егу кампаниясына 16 мың бірлің ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылған. Биылғы жылы бірінші репродукциялы тұқымдар жалпы аумақтың үштен бірінен астамына егілген.
Нұра ауданының «Шахтёрское» ЖШС-де облыс әкіміне 12 000 тонна сыйымдылығы бар картоп қоймасының құрылысы жобасын ұсынды. Оның құны 850 млн теңгені құрайды. Таңдаулы дәнді-дақыл – тұқым шаруашылығы бірнеше жыл бұрын қосымша түрде «екінші нан» өсірумен айналыса бастаған. Қазіргі таңда картоп алқаптары 200га құрайды. Кәсіпорын екі жыл бұрын 8 000 тоннаға шақталған картоп қоймасын салған, қазір ол қуаттылық аздық етіп, қоймаларды ұлғайту қажеттілігі туындаған.

 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау28°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 710мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 26%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ