ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағанды облысында үш ғалымның қатысуымен нақты егіншілік пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Қарағанды облысында Елбасының тапсырмасына сай АӨК сандық жүйеге ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің тәлімгерлігімен аймағымызда нақты егіншілік пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Оған екі алдыңғы қатарлы шаруашылықтар – Осакаров ауданының «Найдоровское» ЖШС және Нұра ауданының «Шахтёрское» ЖШС қатысады.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапары барысында алдыңғы қатарлы технологиялардың енгізілуімен танысып қайтты.
Нақты егіншілік – кешенді спутниктік және компьютерлік технологияларды пайдалануға негізделген егінннің өнімділігін басқару жүйесі. Ол аграрийлерге нақты бір алқапқа қажетті тұқымдардың, тыңайтқыштардың жәнеде басқа да ресрурстардың көлемін дәл есептейді.
Ғалымдар топырақтың агрохимиялық сараптамасын жасады, соның негізінде алқаптардың картасы құрылылады және жоспар-тапсырма анықталады.
- Ғалымдар сандық жүйеге ауысуға көмектерін көрсетіп жатыр. Біздің шаруашылығымыз пилоттық жобаға қатысып отыр – ол үшін 1000 га алқап бөлінді. Ол жерлерде сынақ алынып, топырақтың сараптамасы жасалды. Алқап қартасын аламыз, саралы түрде тұқымдар мен тыңайтқыштар енгізіледі. Бұл - нақты егіншіліктің бастауы. Келешекте серіктердің спектральдің суреттері пайдаланылып, қосымша метеостанциялар болады, - деді, - «Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущак. – Бұл жұмыстар өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған. Өнімділік шығындарды ақтап шығуы үшін кем дегенде 40%-ға артуы тиіс.
Алдын ала есептер бойынша тыңайтқыштар шығыны екі есеге төмендейді.
Технология екі кәсіпорын базасында жүзеге асырылады. Келешекте осы тәжірибені облыс бойынша тарату үшін нәтижелерді көрсететін семинарлар ұйымдастыру жоспарланып отыр.


 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау28°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 710мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 26%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ