ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қарағандылық самбошылар Азия чемпионы атанды

Мамырдың 11-нен 13-не дейін Ұлан –Баторда (Моңғолия) самбо бойынша Азия Чемпионаты өтті. Бұл біріншілікке он елден жиналған 100-ге жуық спортшылар қатысты. Қарағанды облысы атынан екі самбошы – 52 кг салмақ дәрежесінде Бағлан Ыбраһым және 57 кг салмақта Әділет Саяжанов өнер көрсетті.
Екі жерлесіміз де Азия Чемпионатында алтын медаль иеленіп, халықаралық санаттағы спорт шебері нормативін орындады.
Спортшылар Саят Серіков пен Дәурен Адамбаевтың жетекшілігімен жаттығады. Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқарамысының жоғары спорт шеберлік мектебінде оқиды.

 

 

 

* Бағлан Ыбраһым 1994 жылы 3 қарашада Жезқазған қаласында дүниеге келген. Күреспен тоғыз жыл айналысады.

Спорттық нәтижелері

2013 жыл – жастар арасындағы ҚР Чемпионатының және Азия Чемпионатының жеңімпазы, жастар арасындағы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері;

2014 жыл – жастар арасындағы ҚР Чемпионатында бірінші орын, жастар арасындағы әлем Біріншілігінде екінші орын;

2018 жыл – Мәскеуде өткен «А.Харлампиев Мемориалы» әлем Кубогында екінші орын, ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Чемпионатында бірінші орын, Азия Чемпионатының жеңімпазы.

 

* Әділет Саяжанов 1994-ші жылы 16 қазанда Жезқазғанда дүниеге келген. Күреспен тоғыз жыл айналысып келеді.

Спорттық нәтижелері

2013 жыл – жастар арасындағы ҚР Чемпионатының және Азия Чемпионатының жеңімпазы;

2014 жыл – жастар арасындағы ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері;

2018 жыл – ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР Чемпионаты мен Азия Чемпионатының жеңімпазы.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.kz

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 327.42
  • Euro 383.51
  • Рубль 5.29
Теміртау28°C
    10 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 710мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 26%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ