ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Азаматтарға арналған үкіметте тағы да кезекті пилоттық жоба – «Сіздің дербес менеджеріңіз» іске қосылды. Дербес менеджер қызметін пайдаланған адамтүрлі анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттік корпорацияның қызметкері атқарады. Дербес менеджер мемлекеттік қызметті жеке көрсетеді, қажетті анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру береді және т.б.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесібарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетін «күрделі» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөліп төлеуге көлік сатып алған кезде, біздің дербес менеджерімізөздігінен жылжымалы мүлік кепілін тіркейді, көлікті есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткізіп береді», - деп түсіндірді Оспанов.
Жаңа сервис мемлекеттік корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы37 фронт-офистерінде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлік сатып алушылар мен бизнес өкілдері арасында сұранысқа ие болады деп күтілуде.
Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшін ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделі» мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісін және кепіл шартын тіркеу, жер учаскесіне жекеменшік құқығына актілерді ресімдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшін нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлікке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тіркеу қызметтері үшін қолжетімді болып табылады. Келешекте бұл тізім ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жүзеге асыратын болады.
Кеңестер беруді дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджері арқылы дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүргізеді, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жіберіледі немесе өз қолына жеткізіледі. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушінің үйіне барады.
Дербес менеджердің қызметі жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.Мұндай қызметтің құны мемлекеттік көрсетілетін қызметтің күрделілігіне және елді мекеннің орналасқан жеріне байланысты болады.Дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тізімін www.gov4c.kzсайтынан алуға болады.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 340.11
  • Euro 407.93
  • Рубль 5.91
Теміртау6°C
    2 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 726мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 28%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ