ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Қарағанды ХҚКО департаменті және Қарағанды облысының басты жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2017 жылғы 08 желтоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» филиалы Қарағанды «ХҚКО» департаменті және жоғары оқу орындары арасында Меморандумға қол қойылды,  Меморандум мәні студенттерді Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу дағдыларына оқыту болып табылады. 
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мәселесіне көз алмастан үңіле қарау жолға қойылған. Бұл біздің қоғамды дамытудың негізі басымдықтарының бірі. Бұл халық үшін және ел бизнесі үшін қолайлы жағдай жасаумен және сөзбұдашылық тоқсауылдарды жоюмен, сонымен бірге билік өкілдерімен бірлесіп, өзара іс-қимыл жасау кезінде, сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюмен белгіленген. «Электрондық үкімет» порталы осы міндеттерді шешуге арналған негізгі механизм болып табылады.
«Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасымен 2020 жылы электрондық қызмет деңгейін  жалпы көрсетілген санның 80-пайызына жету міндеті қойылды.
Осы мақсатқа жету үшін бұл жоба бастамашыл болды. 
Меморандумның түпкі мақсаты бүгінгі күннің студенттері электрондық үкімет порталының белсенді қызмет алушылары болатынын көздейді және «электрондық үкімет» порталымен қатынасу дағдыларын меңгере отырып, олар оның сауатты әрі құзыретті пайдаланушылары болады. Бұдан басқа, осы жобаның шоғырланымдық тиімділігі де бар,  яғни өзің үйрене отырып, өзіңнің туыстарың мен жақындарыңды үйретуге болатыны.  


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 346.68
  • Euro 404.02
  • Рубль 5.47
Теміртау16°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 50%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ