ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

САПАНЫҢ КЕПІЛІ - БАҚЫЛАУДА

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Осыған орай, 2017 жылы Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша облыстың 78 мемлекеттік мекемесі мен ұйымдарына тексеру шаралары жүргізілді.
Аталмыш тексеру шараларының барысында 124 мыңнан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталды.
Мемлекеттік қызмет берушілер тарапынан жиі кездесетін бұзушылықтар ретінде келесілерді айтуға болады:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілері;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері, оның ішінде көрсетілетін қызметті берушімен мемлекеттік қызметтің регламентімен көзделген мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің сақтамауы.
Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша 81 мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты әрі басшы лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Оның ішінде, 6 мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 465-бабын, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің (рұқсат құжаттар) мерзімдерін бұзғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл орайда, бұзушылықтардың 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы едәуір азайғандығын байқауға болады. Мысалы, 2016 жылы Департаментпен аталған салада заңнама талаптарының 395 мыңнан астам бұзылу фактілері анықталып, 124 лауазым иелері әр түрлі тәртіптік және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған, яғни бұзушылықтар 69% пайызға, тәртіптік
және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылғандар 35% пайызға кеміп отыр.
Орын алып отырған кемшіліктердің жылдан жылға азаюы, Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сан алуан шараларының беріп отырған жемісі деп білеміз.
Департамент қызметшілерімен 2017 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған әр-түрлі 470 түсіндірме шаралары өткізілді. Аталған түсіндірме шараларына 116 мыңнан аса адам қамтылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар одан әрі қабылдана бермек. 
Департаменттің бастамасы бойынша 2017 жылы Балқаш, Қаражал қалаларымен Ұлытау, Осакаровка, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы аудандарының бірқатар мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген тексеріс шараларының қорытындысын жергілікті жердегі Қоғамдық кеңестерде қарап, анықталған бұзуышылықтарды кеңінен талқылап, болашақта қайталамау тұрғысынан тиісті ісшаралар қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыс одан
әрі өз жалғасын алдағы уақытта да таба бермек.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет. Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады делінген.
Бұл орайда, мемлекеттік аппараттың кәсіби болуы, жұмыс тиімділігімен сапасының артуы, мемлекеттік қызмет көрсетіп отырған әрі қызметшіге тікелей байланысты. Себебі, мемлекет атынан көрсетілген әр қызметтің сапасына қарап, қызмет алушылар жалпы мемлекеттік аппараттың кәсібилілігіне баға береді. Өз қызметін жоғары жауапкершілікпен, тиімді әрі сапалы атқарған қызметшінің, сәйкесінше алатын айлықақысы да жоғары болатындығы қазырғы заманның талабы.
Осы орайда, жоғарыдағы бұзушылыққа жол беріп, қызмет алушылардың құқығын шектеп, тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлер тарапына «Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді» - деген мақал орынды айтылған сын деп білуге болады.
Департаменттің алдына қойып отырған біршама міндеттерімен тапсырмаларының бірі, әрі бірегейі, қызмет берушілер тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне мемлекеттік бақылау жүргізе отырып, қызмет сапасының артуына бағытталған тиімді әрі нақты орындалатын ұсыныстар беру, яки оның толық орындалысын қадағалау болып табылады.
Сондықтан болар, Департамент үшін мемлекеттік қызмет алу кезінде құқығы бұзылған әр қызмет алушының заңды құқығын қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдау, басты тапсырма болып қала бермек.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет алу кезінде Сіздердің заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, байланыс телефоны: 8/7212/50-40-66 хабарласа аласыздар. Біздің міндет – халыққа қызмет.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің
мемлекеттік қызметтер көрсету
басқармасының басшысы
АБДРАХМАНОВ ЕРДОС ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ
 


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 367.30
  • Euro 419.68
  • Рубль 5.58
Теміртау-4°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 720мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 76%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ