ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Қала тұрғындарын Теміртау қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша ұйымдастырылатын көпшілік тыңдауларға шақырамыз

Хабарландыру

 

            «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы

№ 138 қаулысын басшылыққа ала отырып, қала тұрғындарын Теміртау қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау бойынша ұйымдастырылатын көпшілік тыңдауларға шақырамыз. Күн тәртібінде Теміртау қаласының төмендегі құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау мәселесі қаралады:

1) Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурина көшесінің оңтүстігіне  қарай  орналасқан, атауы жоқ алаңды;

2) Республика даңғылының солтүстік-шығысына, Мичурина көшесінің оңтүстігіне қарай  орналасқан, атауы жоқ скверді;

3)  Қарағанды шоссесі көшесін;

4)  Нижняя көшесін;

5)  Степан Разин көшесін;

6)  Пионерская  көшесін;

7)  Советская көшесін.

Көпшілік тыңдаулар 2018 жылғы  18 қазан күні сағат 15.00-де Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30 мекенжайында орналасқан Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университетінде өтеді.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 364.35
  • Euro 419.95
  • Рубль 5.56
Теміртау-1°C
    7 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 84%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ