ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының жобасы туралы

Теміртау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысының жобасын әзірледі

         Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі, Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы               № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленген.

Көрсетілген жобаны қабылдаудың мақсаты Теміртау қаласы мен Ақтау кенті бойынша мүгедектер мен азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.

Қаулыны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық негативтік салдар туындатпайды.

Қаулының жобасымен «Электрондық Үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2036435 сілтемесі бойынша танысуға болады.


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 378.93
  • Euro 423.00
  • Рубль 5.87
Теміртау22°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 708мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 30%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ