ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

«Әлеуметтік сақтандыру-әлеуметтік қорғаудың қосымша жүйесі»

Кез келген адамның өмірінде әртүрлі  өмірлік  қиын жағдайлар болуы мүмкін,ондай жағдайларда  адам бір өзі оларды жеңе алмасы анық.Сондай сәттерде  жоғалтқан кірістің орнын толтыра алатын әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері қолдау бола алады.Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бері іске қосылған.

ӘСМҚ-дан төленетін  төлемдерді тек  ресми еңбек өтілі бар және жұмыс берушісі  әлеуметтік  аударымдар жасағандардың ғана алуға мүмкіндігі болатынын айтып өту керек.Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер,қорғаушылар,жеке нотариустар,жеке сот орындаушылары,кәсіби медиаторлар өз бетімен әлеуметтік аударымдар жасап отырады және де әлеуметтік катер туған  сәтте олардың да  ӘСМҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға мүмкіндігі бар.ӘСМҚ қолдауы Қазақстанда тұрақты тұрып,жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарына да таралады,себебі олар үшін олардың жұмыс берушілері әлеуметтік аударымдарды төлеп отыруы керек,өйткені шетелдік азаматтарға да қосымша қолдаудауды қажет ететін әлеуметтік қатер төнуі мүмкін.

Қазіргі таңда Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан  5 әлеуметтік қауіп түрі бойынша төлемдер жасалады:

1. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыру арқылы және медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылатынын және  әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалатынын атап өту керек.

2. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының – өзіне әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының асырауында болған мына отбасы мүшелерінің:он сегiз жасқа толмаған және, егер он сегiз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, осы жастан үлкен балаларының, оның iшiнде асырап алған балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және немерелерінің асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар.Бұл ретте орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын немесе білім алған он сегіз жастан үлкен адамдардың оқуын бітіретін уақытқа дейін, бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемдер тағайындалуына және алуға құқығы бар.Сондай-ақ  сот хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған асыраушының отбасы мүшелері де осындай құқыққа ие болады.

Бұл ретте  көрсетілген әлеуметтік төлемдерді бюджеттен төленетін мұгедектік бойынша немесе асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақылар толықтыратынын атап өту өте маңызды.

3. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем  жұмыссыз деп танылған тұлғаларға тағайындалады.Сол себепті жұмысынан айырылған жағдайда бірден жұмыссыз ретінде Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелуі қажет және жұмысынан айырылу жағдайына төлем үшін жүгінуі қажет.Аталған төлем түрін алу мерзімі әлеуметтік аударымдарды төлеу ұзақтығына байланысты болады және 1 айдан 4 айға дейін құрайды. Жұмысынан айырылған адам үшін отыз алты айдан бастап және одан да көп айларға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда,штаттың қысқаруы бойынша жұмыстан босатылған кезде,ұйым жабылғанда немесе өндіріс ауқымы төмендеген жағдайда – алты айға тағайындалады.

4. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген бүкіл кезеңге тағайындалады. Сондай-ақ қиын босанған, екі және одан көп бала туған кезде жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем  қайта есептеледі.

5. Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзі үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген, балаға күтімді жүзеге асыратын және Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар қатысушысына  тағайындалады.Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері  ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауы тиіс (2019 жылы: 40%*297 500 теңге=119 000 теңге ай сайын).ӘСМҚ-дан төленетін қосымша қолдаудан басқа,жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналар  бала дүниеге келген кезде бюджет қаражаты есебінен бала тууына бір реттік мемлекеттік жәрдемақы алады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

  1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің  774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші деп танылған  әлеуметтік аударымдарды төлеушілер санаты жеке тұлғалармен кеңейтілді.
  2.  Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші деп танылған жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу обьектісі болып  республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерін  яғни 2525 теңге және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерін (1262,5 теңге) құрайды.
  3. Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына (ӘСМҚ) бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының оннан-жеті еселенген мөлшерiне азайтылды;

 

2019 жылғы 01 қаңтарынан бастап  ең төменгі жалақы мөлшері-42 500 теңге.

Осымен, 2019 жылы бір төлеушіден ай сайынғы әлеуметтік аударымдардың максималды сомасы 10413 теңгені құрайды(3,5%*7*42 500 теңге).

Бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы есептеудің минималды  объектісі 1 ең төменгі жалақы деңгейінде қалғанын атап өту керек.Осыған сәйкес,2019 жылғы әлеуметтік аударымдардың минималды сомасы айына 1 488 теңгені құрайды (3,5% *42 500 теңге).

Бірыңғай жиынтық төлемді  төлеуші үшін ай сайынғы кіріс ең төменгі жалақы мөлшері деңгейіне дейін жеткізіледі.Бұл дегеніміз олардың ай сайынғы кірісі әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушылары үшін келіп түскен әлеуметтік аударымдары негізінде есепке алынбайды (505 теңге,қала тұрғыны үшін  14 428 теңге кірісті құрайды және 253 теңге,ауыл тұрғыны үшін 7 228 теңге кірісті құрайды),ол 1 ең төменгі жалақы мөлшерін құрайды (2019 жылы 42 500 теңге),яғни қалалықтар үшін 4 есе өссе,ауылдықтар үшін 6 есе өскен.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлемнен басқа, МӘСҚ-дан төленетін барлық әлеуметтік төлемнің түрлері  тағайындалуы мүмкін екенін ата өту керек.

Осыған байланысты,міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі заманауи Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасының қажетті әрі маңызды элементі болып табылады.Оның басқа да сақтандырудың түрлерінен ерекшілігі- ол материалдық қамтамасыз етілмей қалған жағдайда қорған бола алады және  әлеуметтік әділдік  қағидасы бойынша құрылған.Әлеуметтік сақтандырумен өз еңбегі есебінен күн көріп жатқан,өмір сүрудің басты көзі ретінде жалақысы немесе кәсіпкерлік іс-әрекеттің кірісі болып табылатын адамдар ғана қамтылған.Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры еңбек етіп жатқан  халықты қолдаушы болып табылады және әлеуметтік аударымдар-бұл мүмкін болатын әлеуметтік қатердің кепілі.

 

 

        АҚ «МӘСҚ» Қарағанды облыстық

        филиалы директоры          Хасанова С.С.

                     


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.77
  • Euro 427.26
  • Рубль 6.00
Теміртау25°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 28%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ