ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Жаңалықтар

СЫН ТҮЗЕЛМЕЙ – МІН ТҮЗЕЛМЕС НЕМЕСЕ «DIGITAL AGENT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ТУРАСЫНДА

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету маңызды бағыттардың бірі болып айқындалған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің басты мақсаттарының бірі — халыққа көрсетілетінмемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру – тұрғындардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін көтеруболып табылады. Бүгінгі күні «қызмет алушыға бағдарлану», қызмет алудың ашықтығы мен қол жетімділік қағидаттары басым.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында оларды смартфон арқылы онлайн түрде бағалау мүмкіндік әзірленді. 2018 жылдың қараша айыннан бастап қосылған «Digital agent» (Цифрлық агент) мобильді қосымшасы арқылы кез келген қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына баға беріп, сондай-ақ  өтініштер мен ұсыныстарды қалдыра алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау критерийлерінің тізбесінде: мамандардың біліктілігі, сыпайылығы, әдептілігі, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жағдайлар, әкімшілік кедергілер және т.б. көзделген. Бағалау 5 баллдық жүйе арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, мобильді қосымшаға суреттер мен бейнематериалдарды жүктеу мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен сондай-ақ, сот органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалай алады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мобильді қосымшаға жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау мекемелерін тіркеу жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтер сапасына бүгінгі таңда мобильді қосымша арқылы 2764 баға түсті, оның 95% оң, ал 5% жағымсыз бағалар. Барлық жағымсыз өтініштер толық қарастырылып, уақытылы өңделіп, олар бойынша оң шешімдер қабылданды. Көбіне жағымсыз пікірлер Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне, оның ішінде ұзақ кезекке, қызметкерлердің біліктілігіне және т.б. қатысты түседі. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарында және ел көп шоғырланатын жерлерде мобильді қосымшаны қолдану бойынша
«LED экрандар» арқылы бейнероликтер көрсетіліп, нұсқаулықтар мен жаднамалар орналастырылып, кітапшалар таратылуда.

«Digital agent» мобильді қосымшасын кез келген тұлға
«Play market», «App store» сервистік бағдарламалары арқылы
жүктеп қолдана алады. Аталмыш қосымшаны орнатқаннан кейін тек тіркеуден өту қажет. Содан соң,бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Департамент қызметшілері өз құзыреті шегінде әрекет етеді, қысқа уақыт ішінде мәселелі сұрақтарды қарап, шешу жолдарын қарастырады.

Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып, мәселесін шеше алады.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің
бас маманы Г.Медеуова


Вернуться назад

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 386.77
  • Euro 427.26
  • Рубль 6.00
Теміртау25°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 714мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 28%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ