ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы әкімінің 2020 жыл есеп беру кездесулері

Теміртау қаласы әкімінің есебі 2020

 

Құрметті  теміртаулықтар!

 

Қазақстан Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  5  ақпандағы  №190 «Орталық  атқарушы  органдар  басшыларының, әкімдердің, ұлттық  жоғары  оқу  орындары   ректорларының  халыққа  есеп  беру  кездесулерін  өткізу  туралы»  жарлығына  сәйкес, 2020 жылғы 4 ақпанда Теміртау Мәдениет сарайында Теміртау қаласы әкімі Ғ.Ә.Әшімовтің есеп беру кездесуі өтеді. Әрқайсысыңыз жергілікті атқарушы органның, әкімнің қызметі бойынша тікелей сұрақ қойып,  пікірлеріңізді, ескертулеріңізді және ұсыныстарыңызды білдіре аласыздар. Осы мақсат үшін қалада ескертулер мен ұсыныстарды жинау үшін арнайы жәшіктер қойылды, «жедел желі» телефоны: 92-32-57 ұйымдастырылды.

 

2020 жылдың ақпан айында Теміртау қаласы әкімінің есеп беру кездесуін өткізу кестесі

№ р/б

Елді мекеннің атауы

Әкімнің

АӘТ

Өткізілетін күні

Өткізілетін орны және уақыты

1.

Теміртау қаласы

Ғалым Әбиханұлы Әшімов

04.02.2020 ж.

ТМС

16.00

 

 

Тұрғындардан ескертулер мен ұсыныстарды жинайтын жәшіктердің орналасқан жері

 

р/б

Орналасқан орны

Мекенжайы

1

«Ақтау» мәдени  бос уақыт өткізу  орталығы

Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5

2

Балалар және жасөспірімдер театры

Республика даңғылы, 136

3

Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті

Республика даңғылы, 30

4

«Теміртау қаласының орталық ауруханасы»  КММ

Чайковский көшесі, 22

5

№17 ЖББОМ

8-ықшамаудан, 98 А

 

 

Сонымен қатар, есеп беру кездесуіне дейін 2020 жылғы 3 ақпанда сағат  14.00.-ден 18.00.-ге дейін Теміртау қаласы әкімдігі ғимаратында Теміртау қаласы әкімі Ғ.Ә.Әшімовтің оның орынбасарларымен және  Теміртау қаласы құқық қорғау және атқарушы органдары басшылары қатысуымен қабылдау жүргізіледі. Қабылдауға  92-26-63 телефоны арқылы жазылуға болады.

Есеп беру кездесуінен кейін осындай қабылдау ТМС өткізіледі.

Барлықтарыңызды осы маңызды қоғамдық акцияға қатысуға шақырамыз.

 




Жаңартылған: 14.02.2020 17:11
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 376.84
  • Euro 407.97
  • Рубль 5.91
Теміртау-7°C
    11 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 725мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 87%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ