ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Қазақстан Республикасы тағайындайтын зейнетақылардың түрлері, оларды ЕАЭО Келісімі аясында алу құқығының туындау шарттары

2019 жылдың 20 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысы өтті, онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше-мемлекеттердің басшылары ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды. Бұл Келісім күшіне ЕАЭО-ның барлық елдері ратификациялау рәсімінен өткеннен кейін енеді.  

Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдерінде еңбек шарты бойынша уақытша тұратын және жұмыс істейтін ЕАЭО-ның кез келген елінің, соның ішінде Қазақстанның да азаматы жұмысқа орналасқан елдің зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын төлеу арқылы өзінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыратын болады.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет азаматқа зейнетақының жұмысқа орналасқан елдегі жұмыс кезеңіне және зейнетақы жарналарының аударымына сай келетін бір бөлігін төлейтінін ескере отырып, еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердегі жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми түрде ресімдеуі, яғни еңбек, азаматтық-құқықтық шарттар жасауы, осылайша өзінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруы қажет.

Өз кезегінде Келісім күшіне енгеннен кейін жинақталған жұмыс өтілі үшін зейнетақы тағайындау және төлеу құқығын іске асыру жұмысқа орналасқан елдің азаматтарына арналған шарттармен бірдей жүзеге асырылады.

ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттер тағайындайтын, Келісім қолданылатын зейнетақы түрлері Келісімнің 2-бабында айқындалған.

Қазақстанда Келісімді БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері бойынша құқықтық қатынастарға қолдану көзделіп отыр, атап айтсақ:

  • зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлем (Қазақстан заңнамасы бойынша);
  • 1 және 2 топтағы мүгедектік белгіленген кезде, егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленген болса (Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша);
  • мұрагерлерге біржолғы төлем.   

Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

Еңбеккер зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша өтінішпен тұрғылықты және(немесе) жұмысқа орналасқан мемлекеттің құзыретті органына жүгінуге құқылы болады.

 

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімнің толық мәтінімен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) төмендегі ресми сайтынан танысуға болады: 

http://www.eurasiancommission.org/ru/act/finpol/migration/social_security/Documents/Соглашение о пенсионном обеспечении.pdf

 

 




Жаңартылған: 07.04.2020 15:55
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 399.51
  • Euro 447.33
  • Рубль 5.78
Теміртау17°C
    5 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 719мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 29%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ