ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ

Әр потенциалды зейнеткер зейнетақыны есептеу тәртібі және тиісті зейнетақы төлемінің мөлшерін қалай есептеу керектігі туралы сұрақтарды жиі қояды.

Жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу 2013 жылдың 21 маусымдағы №105-v «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңына (одан әрі-Заң) сәйкес жүргізіледі.

Заңның 11-бабының 4-6т. сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың келесі санаттарына:

1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;

2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы баптың 1-3-тармақтарында аталған азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.

Жасына байланысты толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.

Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең  есепке алынады.

Заңның 15-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемде есептеу осы Заңның 16-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебiнен жүргiзiледi, зейнетақы төлемдерiн есептеу үшiн 3 жылдағы жұмыстан түскен табыс қатарынан күнтiзбелiк 36 айдағы жұмыстан түскен табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы айқындалады және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 46 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс және 2020 жылы 121946 теңгені (АЕК 2651 х 46) құрайды.

1998 жылдың 1 қаңтарынан бастапқы кезең үшін орта айлық табыс мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты (әйелдер үшін 20 жыл, еркетер үшін 25 жыл) зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.

Табысы туралы мәліметтер болмай, ал талап етілетін жұмыс өтілі болған жағдайда минималды зейнетақы мөлшері «Республикалық бюджет туралы» Заңымен тиісті қаржы жылына сәйкес белгіленеді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 38696 теңгені құрайды.

 

Сіз Әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық-кеңес қызметтерді көрсету бойынша басқармаға (Байланыс-орталығы) қалалық және мобильді телефон арқылы тәулік бойы 1411 біріңғай қысқа нөміріне хабарласып төмендегі сұрақтар бойынша жүгіне аласыз:

 

- зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру;

- еңбек қатынастары

- халықты жұмыспен қамту;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, Байланыс-орталығына www.info.mintrud.kz электронды пошта арқылы  және www.info.mintrud.kz web-портал арқылы  жүгінуге болады.

 




Жаңартылған: 27.02.2020 14:16
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 405.69
  • Euro 455.51
  • Рубль 5.72
Теміртау23°C
    3 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 713мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 44%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ