ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

МЕМЛЕКЕТТІК БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМІ

2013 жылдың 21 маусымдағы №105-v «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының (одан әрі-Заң) 1-бабының 2-тармағына сәйкес базалық зейнетақы төлемі жеке тұлғаларға ұсынылады:

1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;

2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Республикалық  бюджет туралы заңы аясында тиісті қаржы жылына сәйкес  01.01.2020 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс 31183 теңгені құрайды.

 

Базалық зейнетақы төлемі, сонымен қатар өтілім бойынша:

Қатысу өтілінен пайыз

 01.01.2020ж. бастап ең төменгі күнкөріс мөлшері

Базалық зейнетақы төлемдер мөлшері 

10 жыл және одан аз

54%

31 183

16 839

11

56%

31 183

17 463

12

58%

31 183

18 087

13

60%

31 183

18 710

14

62%

31 183

19 334

15

64%

31 183

19 958

16

66%

31 183

20 581

17

68%

31 183

21 205

18

70%

31 183

21 829

19

72%

31 183

22 452

20

74%

31 183

23 076

21

76%

31 183

23 700

22

78%

31 183

24 323

23

80%

31 183

24 947

24

82%

31 183

25 571

25

84%

31 183

26 194

26

86%

31 183

26 818

27

88%

31 183

27 442

28

90%

31 183

28 065

29

92%

31 183

28 689

30

94%

31 183

29 313

31

96%

31 183

29 936

32

98%

31 183

30 560

33 және жоғары

100%

31 183

31 183

 

 

Мысалы:

Егер азамат жұмыс істеп және БЖЗҚ-ға 10 жыл ғана аударым жүргізсе немесе мүлдем жұмыс істемесе онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайыз мөлшерінде тағайындалады.

Әр жыл сайын үстінен жұмыс істеген 10 жылға базалық зейнетақы 2 пайызға жоғарылайды. Мысалы, 20 жыл өтілі барысында базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөрістен 74 пайызды, 30 жыл – 94 пайызды құрайды. 33 және одан көп жыл өтілі барысында базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөрістен 100 пайызды құрайды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін ұсыну барысында зейнетақы жүйесіндегі өтілімге қатысы есептеледі:

  1. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
  2. міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
  3. жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
  4. 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
  5. әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
  6. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
  7. әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
  8.  «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
  9. бөгденің көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедекке, ІІ топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт;
  10.  аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.

 

 

 

Сіз Әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық-кеңес қызметтерді көрсету бойынша басқармаға (Байланыс-орталығы) қалалық және мобильді телефон арқылы тәулік бойы 1411 біріңғай қысқа нөміріне хабарласып төмендегі сұрақтар бойынша жүгіне аласыз:

 

- зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;

- әлеуметтік көмек және әлеуметтік сақтандыру;

- еңбек қатынастары

- халықты жұмыспен қамту;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, Байланыс-орталығына www.info.mintrud.kz электронды пошта арқылы  және www.info.mintrud.kz web-портал арқылы  жүгінуге болады.

 




Жаңартылған: 27.02.2020 14:17
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 445.84
  • Euro 490.47
  • Рубль 5.73
Теміртау5°C
    1 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 722мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 61%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ