ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесін бекіту туралы

Теміртау қалалық мәслихатының 26.04.2013ж. № 15/4 шешімі

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі
Қарағанды облысы әділет департаменті

2013 жылғы «26» сәуірдегі нормативтік құқықтық акт
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2334 нөмірімен тіркелген

Теміртау қаласы мен Ақтау
кенті  тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсету тәртібі мен
мөлшері туралы ережесін бекіту
туралы


Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  16  сәуірдегі  «Тұрғын  үй қатынастары  туралы»  Заңының, Қазақстан  Республикасының  2004 жылғы  5  шілдедегі  «Байланыс  туралы»  Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын  үй  көмегін  көрсету  ережесін бекіту  туралы»  қаулысының, Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2009 жылғы  14  сәуірдегі  № 512 «Әлеуметтік  тұрғыдан  қорғалатын  азаматтарға телекоммуникация  қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Теміртау қалалық мәслихаттың 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 3/6 «Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу Тізілімінде № 8-3-140 тіркелген, «Второе счастье» газетінің 2012 жылдың 28 мамырдағы № 5 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

 

Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы                                                                                             В.Свиридов
                             
   

Теміртау қалалық мәслихаттың
   2013 жылғы  «26»сәуірдегі
   №15/4 шешімімен бекітілген


Теміртау қаласы мен Ақтау кенті  тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесі


Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес әзірленген және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.


1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
4)  кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
6)  отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) алған кірістерінің жалпы сомасы;
7) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жеке өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген адам (бұдан әрі - өтініш беруші);
8) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
9) уәкілетті орган – «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
10)  шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
3. Тұрғын үй көмегі Теміртау қаласы мен Ақтау кентінде тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметіне, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй ауданы нормасының шегінде, бірақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметін, коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындары нормативтерінен, сондай-ақ тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге көп емес, осы мақсаттарға шекті-жол берілетін шығыстар үлесінен асатын болса беріледі.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін өлшем болып табылады.


2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің нормативтерін айқындау

4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіпте көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы отбасының әр мүшесіне тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын үй беру нормасына баламалы (көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метр),  бір бөлмелі пәтерлерде тұратын азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – тұрғын үйдің жалпы ауданы, көп бөлмелі пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшін тұрғын үй ауданының нормасы – 30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметті тұтыну нормалары:
нақты шығындар бойынша газды тұтыну, бірақ (тұрғын үй көмегін есептеген кезде, екі қабаттан аспайтын тұрғын үй ғимаратының пәтерлеріндегі баллонды газ ескеріледі):
орталықтандырылған ыстық суы бар, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 8 килограммнан;
орталықтандырылған ыстық суы жоқ, газ плиталарымен жабдықталған үйлерде бір адамға айына 10 килограммнан артық емес;
қатты отынды тұтыну нақты шығындар бойынша қызметтерді жеткізушінің шоттарын (түбіртектерді, жөнелтпе құжаттарды, фактура-шоттарды, анықтамаларды) ұсына отырып, бірақ:
жылу беру мезгіліне есептегенде тұрғын үйдің 1 шаршы метр ауданын жылыту үшін – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 161 килограмм көмір, 3-5 қабатта салынған үйлер үшін 98 килограмм көмірден артық емес (тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика жөніндегі облыстық органдардың мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Теміртау қаласында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады);
нақты шығындар бойынша бір адамның электр энергиясын тұтыну, бірақ:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 80 киловаттан;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 100 киловаттан артық емес;
3) суық суды, кәрізді, ыстық суды тұтыну, қоқысты шығару, лифттерге қызмет көрсету, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығыстардың нормаларын басқару үлгісіне қарамастан (басқарудың заңды үлгісін ресімдеген пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, өзін-өзі басқару комитеттері, үй комитеттері) қызметтерді жеткізуші немесе тарифтерді бекітетін орган бекіткен тарифтер негізінде белгіленеді.
5. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына белгіленген нормадан жоғары шығыстарын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілу сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегі арқылы өтемақы төленуге жатады.


3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган ұсынады және тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Ішімдікке немесе есірткіге құмар отбасы мүшелерімен, немесе 18 жасқа толмаған тұлғалармен бірге тұратын пәтерлердің иесі болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір адамға (18 шаршы метр)  арналған тұрғын үй ауданының нормалары және бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерде тұруына тәуелсіз бір адамға коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерінің негізінде ұсынылады.
9. Жанжалды, даулы немесе стандартты емес жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифтерінің өсуі бөлігінде байланыс қызметінің, жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнының шығындарына нақты есептелген төлем сомасынан аса алмайды.
11. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін нақты есептелген сома жөніндегі мәліметтерді коммуналдық қызметтерді жеткізуші (электрондық немесе қағаз тасымалдағышта) және (немесе) жеке тұлға (қағаз тасымалдағышта) ұсынады.
12. Тұрғын үй көмегін төлеуді азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер немесе осы операцияны жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
13. Тұрғын үй көмегінің төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.


4. Тұрғын үй көмегін көрсету мерзімдері мен кезеңділігі

14. Тұрғын үй көмегін барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берген айдан бастап 1 жыл мерзімге тағайындайды. Отбасының табысы мен құрамы жөніндегі, сондай-ақ тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстар жөніндегі мәліметтер уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынылады.
Егер  өтініш  беруші ағымдағы тоқсанның екінші немесе үшінші  айында  өтініш білдірген болса, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанның барлығына  тағайындалады (келесіде тоқсан сайын өтініш беретін жағдайда).
15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін алуға немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы 10 күн ішінде уәкілетті органға хабарлауға тиіс.
Тұрғын үй көмегінің заңсыз сомасы немесе асыра тағайындалуына әкеліп соқтырған көрінеу теріс мәліметтерді берген жағдайда төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сома өз еркімен, ал бас тартылған жағдайда - сот арқылы қайтарылуға жатады.
16. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтері, отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда тиісті өзгерістер туындаған айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылар қайта есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде, отбасының басқа елді мекендерде уақытша тұратыны тиісті құжатпен расталған тұлғалар есепке алынбайды.


5. Тұрғын үй көмегін есептеу және өтініш беру тәртібі

18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді (осы Ережеге 1-қосымша) және келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасы мүшелерінің табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібі тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органмен анықталады;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоты немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жергілікті атқарушы органмен ұсынылған жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен ұсынылған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіш құнының түбіртек-шоты.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмелерде тапсырылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
19. Тапсырылған құжаттарды қараудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган осы Ереженің 2,3,4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша бланктерді толтырады.
Келесі тоқсандарда отбасының құрамы мен тұратын тұрғын үйдің жалпы ауданының мөлшері өзгерусіз қалса, онда осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы бланк толтырылмайды.
20. Өтініш беруші туралы мәліметтерді нақтылау үшін, уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының (азаматтың) материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін жасайды. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына

тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне

1-қосымша

Уәкілетті органға

____________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс)

____________________________________________

(елді мекен, аудан)

_______________________мекен-жайында тұратын

(көше, үйдің және пәтердің №, телефон №)

____________________________________________

(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

жеке куәліктің № ____________________________

берген _________________________

берілген күні ________________________________

ЖСН ________________________________________

Отбасының тіркелу нөмірі _____________

ӨТІНІШ

 

Менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.

Менің отбасым ____ адамнан тұрады.

Өтінішке қоса қажетті құжаттарды ұсындым.

Жеке шоттың №_______________. Қызметті жеткізушінің атауы __________________________________

(тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқыс шығаруға, электр энергиясына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифт қызметін көрсетуге шығындары үшін).

Жеке шоттың №______________. Қызметті жеткізушінің атауы __________________________________

(тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқыс шығаруға, электр энергиясына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифт қызметін көрсетуге шығындары үшін).

Жеке шоттың №_________________________. Банктің атауы ___________________________________

(тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, жылыту жүйесіне, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқыс шығаруға, электр энергиясына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, лифт қызметін көрсетуге шығындары үшін).

Жеке шоттың №____________. Кондоминиум объектісін басқару органы____________________________ (тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға шығындары үшін, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға нысаналы жарнаға).

Мен және менің отбасымның мүшелері, «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне отбасы мүшелеріміздің табысы туралы ақпаратты беруге келісіміміздің дәлелі ретінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетуге болатын табыстары туралы ақпаратты ашуға өзіміздің рұқсатымызды береміз.

Теріс мәліметтерді және жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным жөнінде алдын ала ескертілді.

Менің (менің отбасымның) табыстарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қорының мәліметтерімен салыстыруға келісемін.

«___»__________ 20____ж. _____________________________

(өтініш берушінің қолы)

Құжаттар қабылданды

«____»__________ 20____ж. _________ _____________________________________________

(қолы) (құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы)

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті

тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету

тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне

2-қосымша

нысан

Отбасының тіркелу нөмірі _____________

Отбасы құрамы және тұратын тұрғын үйдің

жалпы ауданының көлемі туралы

МӘЛІМЕТ

________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

________________________________________________________________________________________________

(үйдің мекен-жайы)

Өтініш берушінің отбасылық жағдайы ______________________________________________________________

Отбасы құрамы _________ адам. Тұратын үйдің ауданы______________ шаршы метр.

____________ жылғы № ________ ________________________________________________________________

(тұрғын үйге құқық беретін құжаттың атауы)

т/б

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Туған күні, айы, жылы

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

       
       
       
       
       
       
       

Өтініш берушінің қолы __________________ Маманның қолы __________________

Күні __________________________________

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті

тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету

тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне

3-қосымша

нысан

Отбасының тіркелу нөмірі _____________

20___ жылғы _______________ тоқсандағы

өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табысы туралы

МӘЛІМЕТТЕР

 

________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

т/б №

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Құжатпен расталған табыстардың сомасы

Басқа да мәлімделген табыстар

 

 

табыс түрі

сомасы, теңге

табыс түрі

сомасы, теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш берушінің қолы _______________________ Маманның қолы ___________________________

Күні __________________________________

Теміртау қаласы мен Ақтау кенті

тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету

тәртібі мен мөлшері туралы ережесіне

4-қосымша

нысан

20___ жылғы _______________ тоқсандағы

тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстар туралы

МӘЛІМЕТТЕР

 

 

______________________________________________________ Әлеуметтік топ

(өтініш берушінің Т.А.Ә.) зейнеткер -

______________________________________________________ мүгедек -

(үйдің мекен-жайы) жұмысшы -

жұмыссыз -

басқалары -

Жалпы ауданы ________ ш.м. Бөлме саны ________ Әлеуметтік норма _____________ ш.м.

Үйдің жалпы сипаттамасы ______________________________________________________________________

(орталықтандырылған немесе баллонды газ, электр плитасы)

20 ___ жылғы ____ тоқсандағы жиынтық табыс_____________

т/б №

Төлем түрі

_________

(ай)

есептелгені

_________

(ай)

есептелгені

_________

(ай)

есептелгені

1

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалған шығыстар

     

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған нысаналы жарна

     

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарна

     

2

Жылу беру (орталықтандырылған, қатты отын)

     

3

Суық су

     

4

Кәріз

     

5

Ыстық су

     

6

Қоқыс шығару

     

7

Электр энергиясы

     

8

Газ

     

9

Телефон

     

10

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы

     
 

БАРЛЫҒЫ:

     

20___ ж. «___»____________ Маманның қолы ________________________________




Жаңартылған: 23.11.2015 14:18
Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 405.69
  • Euro 455.51
  • Рубль 5.72
Теміртау23°C
    8 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 711мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 47%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ