ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Охрана Общественного здоровья

Өндірістік объектілердегі кәсіптік аурулар

Қазіргі уақытта -техникалық прогресстің деңгейі әр салада күрт дамуына қарамастан,   өнеркәсіп және еңбек жағдайларын жақсарту айтарлықтай төмендеп, өндірісте ауру-сырқаулықтар саны өсуде, кейбір кәсіби аурулардың позициялары клиникалық көрінісі жиеленіп келуде. Сонымен қатар техникалық және ғылыми жетістіктерді кеңінен қолданылатын өндірісте, қазіргі заманғы химиялық заттар пайдалану - адам ағзасына көпғасырлық әсер ететін жаңа факторлардың пайда болуына итермелейді.
Өндірістік факторлар, жұмысшылардың  денсаулығына қолайсыз түрліше әсер етеді.  Дегенмен, бүгінгі кәсіптік аурулар жасырын немесе жеңіл түрде өтуі жиі кездеседі. Ол тек  кәсіби аурулар емес өндірістік жарақаттардың болуына әсерін тигізеді. 
Өндірістік жарақатқа жіті аурулары жатады, олар  химиялық, термиялық және электрлік зақымдану немесе жұмыс орнында дене жарақаты салдарынан туындайды  (жұмыс орнында).
Кейбір өндірістік аурулар түрлері негізінен  тыныс алу жолдары, жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты, тері және т. б.  зақымданады. Сондықтан, қазіргі таңда   өндірістік ауруларды  орган-жүйелері, этиологиялық принциптері бойынша, жекелеген топтарға біріктіру қажеттілігі туады.
Этиология принципі  бойынша топқа кәсіптік аурулар әсерінен болатын аурулар кіреді:
1) Өндірістік шаң (шаң бронхиты, созылмалы ринофаринголарингиттер, пневмокониоздар, силикоздар, металлокониоздар және т. б.).
2) Өндірістік ортадағы химиялық факторлар (жіті және созылмалы интоксикация, қорғасын, сынап, бензол, пестицидтермен улану).
3) Өндірістік ортадағы физикалық факторлар (жүйке және білек аурулары, иық периартроз, остеартроз деформациясы, иық эпиконделезі, асептикалық остеартроз, бурситтер, бел-сегізкөз және мойын радикулопатиясы).
4) Жекеленген органдар мен жүйелердің асқыну аурулары (жекелеген органдар мен жүйе нервтердің перифериялық аурулары, бұлшық, иық жауырын периартроздары, деформациялайтын остеартроздар, иық эпиконделезі, асептикалық остеонекроздар, бурситтер, бел-сегізкөз және мойын радикулопатиялары).
Жоғарыда аталғандардан басқа да кәсіби аурулар тағы да екі өндірістік аурулармен толықтырылады: ісіктер және аллергозамдар. Аллергозамға жатқызады: дерматит, экзема, бронхиалды астма, ринит, конъюктивит, Квинке ісінуі, токсико-аллергиялық гепатит. Олар жұмыс барысында  ферменттік  препараттар,  қосындылар, металдар, полимерлік  материалдармен  және т. б. заттармен  жұмыс жасау кезінде жиі дамиды.
Мұнай және тас көмір, асбест, бензол, винилхлорид, мышьяк және т. б. жұмыс істеу, әсіресе ісіктерге жиі айналады. Олардың зияны ұзақ уақыт бойы түрлі онкологиялық ауруларды тудырады.
Кәсіби аурулардың диагностикасы басқа аурулардың түрінен ерекшеленеді.  Кейде дәл диагноз қою кезінде,  кейбір белгілеріне клиникалық сипатына назар аудару қажет,  ол диагностика жасауда шешуші рөл атқарады. Мысалы, қорғасын "жиек" иек немесе күкірткөміртегі немесе этил жанармайымен улануды көрсетуі мүмкін. Осындай белгілер анықталған кезде, мақсатты түрде қосымша тексеру жүргізу керек. 
Өндірістік кәсіпорындарда профилактикалық іс-шаралардың мәні мен мағынасы не?  Жоғарыда айтып өткендей, кәсіптік аурулар іс жүзінде симптомсыз өтеді, яғни жасырын түрде өтеді. Бұл кәсіби ауруларды  диагностикалау мен емдеу саласында негізгі фактор болып табылады. Дұрыс жүргізілген профилактикалық іс-шаралар, осындай аурулардың болдырмауын алдын алады. 

Өнеркәсіптік шаң әсерінен пайда болған кәсіптік ауруларға жатады:

Пневмокониоздар - шаң өкпе аурулары.
Өндірістік шаң деп өндірістік процесте қатты заттардан өте ұсақ бөлшектер  пайда болған кезде, олар ауаға кіре отырып немесе ұзақ уақыт адам ағзасында болады. Пневмокониоздар арасында аралас шаңнан болатын пневмокониоздар органикалық шаң антракоз, силикоз, силикатоз, металлокониоз, карбокониоздарды ажыратуға болады. 
Химиялық өндірістік факторлар әсерінен пайда болған кәсіби аурулар жататындар: Тітіркендіретін заттар әсерінен пайда болатын аурулар:
- хлор және оның қосылыстары (хлорлы сутек, хлористісу қышқылы, хлорлы әк, хлорпикрин, фосген, хлор тотығы фосфор, үшхлорлы фосфор, төртхлорлы кремний);
- күкірт қосылыстары (күкіртті газ, күкірт газы, күкіртті сутек, диметилсульфат, күкірт қышқылы);
- азот қышқылы (нитрогазы, азот қышқылы, аммиак, гидразин);
-фтор қосылыстары (фторлы сутегі, плавикті қышқыл және оның тұздары, перфторизобутилен);
- хром  қосылыстары (хром ангидриді, хром тотығы, бихроматы калий және натрий, хром квастары);
- карбонильді металл қосылыстар (никель карбонил хлорид, темір пентакарбонил);
-бериллий еритін қосылыстар (фтор бериллий, фторокись бериллий, хлорлы бе-риллий, күкірт қышқылды бериллий).

Физикалық өндірістік факторлар әсерінен пайда болған кәсіптік  ауруларға мыналар жатады:
1) Діріл салдарынан пайда болған аурулар:
Діріл ауруы өзінің еңбек қызметінде вибрациялық техникамен жұмыс пайдаланатын кезде: пневматикалық балғалар,   металл және ағаш бұйымдарды орнату үшін тегістеу және полировка жасау, бетонды  тығыздау үшін,  жолдарға асфальт жабындарын төсеу,  қадаларды қағу және басқа да кезде пайда болады.
2) Электромагниттік толқындар,  радиожиіліктерді әсерінен пайда болған аурулар:
Электромагниттік толқындар радиожиіліктерді кең қолдану кезінде болады (радиооңашалау,  радионавигация, радиоастрономия, радиожүйелік байланыстар - радиотелефондар және т. б.), теледидар, фиотерапиялық шаралар жүргізу кезінде.
3) Өндірістік шу әсерінен пайда болған аурулар (шу ауруы).
Өндірістік шу әсерінен  есту органының өзгеруі, ауырсынуы.

Жекеленген органдар мен жүйелердің асқынуынан туындайын
кәсіптік ауруларға мыналар жатады:
Тірек-қозғалыс аппаратының аурулары құрылыс, тау-кен, машина жасау және т. б. өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларында жиі кездеседі.  Олар бір үлгідегі жылдам қозғалыстарды орындау кезінде пайда болады.  Ең жиі кездесетін ауру  бұлшық еттердің, бума мен буындардың қолдардың ауры: миозиттер, сықырлайтын тендовагинит, тарылғыш лигаментит (тарылғыш тендовагинит), иық эпикондилит, бурситтер, деформациялайтын остеоартроздар, иық буынының периартрозы, омыртқа остеохондрозы (диск-гендік бел-сегізкөз радикулиттері).
           Әрбір адам өзінің өндірістік қызметін атқаруда, мейлі ол өндірістік материалдық игіліктер немесе қызметтермен байланысты болса да,  қауіпті факторлармен бетпе-бет кездеседі.  Бұл факторлар дискретті және континуальды әрекет етуі мүмкін. Біріншіден өндірістік жарақат алуға,  екіншіден әсері әлсіз ұзақ уақыттарда кәсіби аурулар салдарына  әкеп соқтыруы мүмкін,

Еңбекті қорғау жөніндегі профилактикалық іс-шаралар қатарына және кәсіби ауруларды алдын алуға (жұмысқа тұрған кезде) және жұмысшыларды зиянды және қолайсыз еңбек жағдайлары әсерінен ұшырауын анықтайтын  маусымдық қарау жатады.
Еңбек шарттары мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
- әсер ететін факторлар дамуынан осы кәсіптік ауруларға жол бермеуі тиіс;
- ұсынылатын еңбек тиіс организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
- ұсынылатын жұмыстар жалпы және арнайы даярлау дағдыларына және науқастың жасына;
- ұсынылатын жұмыс әсіресе жас тұлғаларды біліктіліктілігін арттыруды қамтамасыз етілуі тиіс;
-еңбек ұсынымдар гигиеналық, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыда негізделуі тиіс.
 


Кері қайту

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 380.19
  • Euro 419.01
  • Рубль 6.08
Теміртау-6°C
    15 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 707мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 84%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ