ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ АКИМАТА ГОРОДА ТЕМИРТАУ

Охрана Общественного здоровья

25 сәуір-Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні

Сізден Теміртау қаласы Әкімдігінің веб-порталында арнайы  "25 сәуір-Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күні»  ақпаратты жіберуіңізді сұраймын.

Безгек (Маlаrіа) — паразиттік ауру, ол науқас адамнан дені сау адамға маса шағуы арқылы беріледі. Тұрғындардың жаппай көші-қоны және безгек кең тараған елдерден жұқпаны енгізу оның тасымалдануына қолайлы жағдайлары бар жерлерде безгек ошақтарының туындауына әкелуі мүмкін.

Безгектің таралуының  алдын алу айтарлықтай деңгейде  тұрғындардың өздерімен, олардың медициналық қызметшілерге берген көмегімен тікелей байланысты. Қызбасы, бас ауруы, жалпы әлсіздігі бар науқастар шұғыл түрде дәрігерге, әсіресе жұқтыру мүмкіндігі жоғары маусым-қыркүйек айларында көмекке жүгінулері тиіс.

Тек қана науқас қанын зертханада микроскоп астында зерттеу жүргізу диагнозды нақты анықтауға мүмкіндік береді. Тропикалық және субтропикалық елдерге барған азаматтар соңғы екі жыл ішінде қандай елдерге барғандарын және қандай дәрі-дәрмек қабылдағандарын дәрігерге міндетті түрде айтулары тиіс.

Безгек ауруы өте ауыр өтеді, егер де ем-шара дұрыс емес немесе уақтылы қабылданбаса: қаназдық пайда болып, ішкі орган қызметі бұзылады, адам еңбекке жарамсыз болады. Емдеу шаралары уақытынан бұрын аяқталса, ауру қайта туындайды, ал науқас қоршаған орта үшін жұқпа көзі болып қала береді. Тропикалық безгек түрінде ауру ыстық елдерде болғанда адам қайтыс болуы да мүмкін. Безгекпен ауыратын науқас дәрігер тағайындамасын нақты орындауы тиіс, осы жағдайда ғана ем тиімді болады.

БЕЗГЕК НАУҚАСЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҒАНА НАУҚАСТЫҢ САУЫҒУЫНА ӘКЕЛЕДІ!

Безгек тасымалдаушылардың өсіп-өнуі су ағыны баяу су қоймаларында, арықтарда, батпақты жерлерде, өзендердің ескі арналарында өтеді. Олар адамға күн батқанда және таңертеңгісінде шабуылдайды. Тұрғын жайларға масалардың кіруін ескерту үшін есіктер мен терезелер ұсақ торлы сеткамен, дәкемен жабылуы тиіс. Үй-жайларда масалар табылған жағдайда оларды инсектицидті аэрозольмен немесе инсектицидті дәрісі бар электрлі буландырғышпен, ыдысқа құйылған сұйықтықпен жою қажет. Ұйықтағанда масалар шағуынан қорғану үшін инсектицид сіңдірілген, матрац астына шеті қайырылған жабындыны қолданған абзал.

ӨЗІҢДІ МАСАНЫҢ ШАҒУЫНАН ҚОРҒАҒАН ЖАҒДАЙДА СІЗ ЖҰҚПА ОШАҒЫНДА БОЛҒАН КЕЗДЕ БЕЗГЕКТІ ЖҰҚТЫРМАЙСЫЗ! БЕЗГЕКПЕН КҮРЕСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАЛУЫН БОЛДЫРМАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ӨЗ ЕЛІ АЛДЫНДАҒЫ ПАРЫЗЫ!

 

 

 

         Басшының орынбасары                                                            Н.М.Құсайынов


Кері қайту

Дауыс беру
Жаңалықтарды тарату
Валюта бағамдары
Ауа райы болжамы
Сіз кейінгі кезде қаланың сәулеттік келбеті өзгерді деп ойлайсыз ба? ОТВЕТИТЬ
Теміртау қаласы мен өңірде болған жаңалықтарды таратуға қол қойыңыз
Бағам теңгемен берілді
  • USD 380.19
  • Euro 419.01
  • Рубль 6.08
Теміртау-6°C
    15 Секундына метр жылдамдықта
  • Қысым: 707мм сынап бағанасы бойынша
  • Ылғалдылығы: 84%
ЛЕНТА НОВОСТЕЙ